Атырау энергетика және құрылыс колледжі  соңғы жылдары   инновациялық ғылыми-әдістемелік  қызмет аясын   дамыту  мақсатында   басқа кәсіптік білім беру мекемелерімен  аймақтық және халықаралық деңгейдегі байланысты  жетілдіруге ерекше мән беріп, Ресей федерациясының бірнеше кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлескен  әлеуметтік келісімшарттар жасақтаған болатын. Келісімшарт аясында колледж оқытушылары мен студенттері  Астрахань, Самара  қаласының  және  Ставрополь аймағының  оқу орындарында  ұйымдастырылған халықаралық  деңгейдегі форум, байқауларға қатысып кәсіби шеберліктерін шыңдап, іс- тәжірибелерімен бөлісіп келеді. 

Шетелдік білім алу технологиясымен танысу мақсатында колледж басшысы Н.Қ.Темірташев АҚШ-қа барып оңдағы колледждегі өндірістік, кәсіптік білім берудің қыр-сырымен танысып қайты. Н.Қ.Темірташев  Будапешт қаласында (Венгрия) өткен «EuroSkills Budapest» чемпионатына қатысып, халықаралық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауының ұйымдастыру ережелерімен және мамандықтар бойынша кәсіби құзыреттілікке қойылатын талаптармен танысты. Осы алған іс-тәжірибелерді  колледж студенттерін облыстық және республикалық деңгейде өтетін «WorldSkills» ұлттық чемпионатына даярлау кезінде қолданады.   

Аға шебері Е.Қ.Жұмағазиев Түрік еліне барып, қазіргі құрылыс саласындағы қолданылатын технологиялардың ерекшелігін өзіміздің оқушыларға үйретіп, іс-тәжірибеде қолдануда.

Кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту жағдайында колледжде жүйелі жүргізіліп отырған инновациялық оқу-әдістемелік қызмет педагогикалық ұжымның  шығармашылық әлеуетін жетілдіруге, білім сапасын арттырып, болашақ маманның кәсіби дағдысын көтеруге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.